Арман Евниев ауыл шаруашылығы кооперациясының дамуына кедергілерді атады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда құрылған ауыл шаруашығы кооперативтерінің 18 пайызы жұмыс істемейді. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Арман Евниев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2015 жылы «Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы» заңының қабылдануы кооперацияны дамытудың негізгі кедергілерін жоюға мүмкіндік берді. Атап айтқанда, кооператив мүшелері табысты өзара бөлісу құқығына ие болды. Кооператив қызметіне жыл сайын аудит жүргізу үшін ревизиялық одақтар институтын дамытуға жағдай жасалды. 3 заңның орнына 1 заң қолданыла бастады. Арнайы салық режімін ауыл шаруашылығы кооперативі де пайдалана алатын болды. Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің қызмет түрлері нақты сәйкестендірілді», - деді ауыл шаруашылығы кооперациясын дамыту мәселесі бойынша баяндама жасаған вице-министр.
Оның айтуынша, ағымдағы жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша статистикалық деректерге сәйкес 62 мыңнан астам адамды біріктірген 2 849 кооператив тіркелген.
«Президент Әкімшілігінің тексеру қорытындылары бойынша ауыл шаруашылығы кооперациясының тиімді дамуына кедергі келтіретін бірқатар жүйелік проблемалар анықталды. Бұл: кооперативтердің 18 пайызының жұмыс істемей тұруы, 42 пайызының формальді түрде құрылуы; кооператив мүшелері өндірген өнімдерді өңдеумен, өткізуіне қатысты проблемалар; кооперативтердің дамуын ынталандыру шараларының жеткіліксіздігі; ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің жетіспеуі; әкімдік деректерінің статистикалық деректерге сәйкес келмеуі», - деді ол.
Арман Евниевтің сөзіне қарағанда, қолданыстағы мемлекеттік бағдарламаны өзекті ету жұмысы барысында агроөнеркәсіптік кешеннің ауыл шаруашылығы кооперациясы арқылы шешуге мүмкіндік туатын 6 түйінді проблема анықталған.
«Олар: еңбек өнімділігінің төмендігі, өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің төмендігі, осының салдарынан өңдеуші кәсіпорындардың толық жүктелмеуі, техникалық жарақталу деңгейінің төмендігі, білімнің жетіспеуі, өнімді сатудан түсетін кірістің аз болуы, қосымша шығындардың жоғары болуы», - деді вице-министр.

Соңғы жаңалықтар