Арман Дәулетияров Jibek Joly арнасының тележүргізушісі болды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Муз-ТВ» телеарнасының бұрынғы бас директоры, танымал медиаменеджер Арман Дәулетияров қазақстандық Jibek Joly телеарнасымен ынтымақтаса жұмыс істеу жоспары жайында айтты. Ол жобалардың бірінде тележүргізуші ретінде қызмет етеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Басында келіспеген едім. Өйткені осыған дейін өмірімде өнер адамдарымен біраз уақыт бірге жұмыс істегенмін және бұл салаға қайта ораламын деп ойламаған едім. Ал қазір енді осы бағыттағы жобаға неге ертерек келіспеген екенмін деген тұжырым жасап отырмын. Біріншіден, бізге қонаққа келген өнер адамдарының 90 пайызын танымайды екенмін. Олардың арасында талантты музыканттар, әзілкештер, шығармашылық адамдары бар. Бұл адамдардың өнеріне тәнті болдым», - деді А. Дәулетияров Астанада өткен SöZ Astana Public Talk алаңында өткен пікір алмасу кезінде.

Осы орайда ол жақында жоба аясында ұжым қазақтың тойларына қатысты арнайы түсірілім жасағанын айтты. Сонымен қатар танымал продюсер бұған дейін Қазақстандағы той-бизнесі жайында естігенін, алайда бұл саланы егжей-тегжейлі зерттемегенін мәлім етті.

«Осыдан 20 жыл бұрын өзім үйленген кездегі тойда қазақ өнерпаздары болмаған еді. Жалпы, нағыз қазақы салтты дәріптейтін тойларда болған емеспін. Қазір аса көп билемейтін сияқтымын және ән де айтпаймын, бірақ қазақтың тойына барып жүрген өнерпаздар ерекше көңіл-күй сыйлады. Қазақ халқының той өткізуде өзінің ерекшелігі бар. Атап айтқанда, халқымыздың бай мәдени мұрасы бар. Қазақстаннан тыс жерде тұратын қазақ ретінде осы ерекшелікті жете білмедім және дұрыс бағалай аламаған екенмін. Өнер адамдарымен кездескен кезде, Қазақстанның өзіне тән мұрасымен, дәстүрімен терең таныса алдым. Сондықтан бұл бағдарламаға шақырғанына қуаныштымын», - деді Арман Дәулетияров.

Соңғы жаңалықтар