Арман Бердағұлов Петропавл қалалық мәслихатының төрағасы болып сайланды

None
Фото: Петропавл қалалық мәслихатының баспасөз қызметі
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавл қалалық мәслихатының төрағасы лауазымын Арман Бердағұлов атқарады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Арман Бердағұлов СҚО қазіргі Қызылжар ауданы Вагулино елді мекенінде 1985 жылы дүниеге келді.

Е. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің түлегі, мамандығы – әлеуметтік қызметкер.

Еңбек жолын 2006 жылы СҚО Төтенше жағдайлар департаментінде жетекші маман ретінде бастаған.

2006-2007 жылдары Петропавл қалалық ішкі саясат басқармасында жетекші маман болды.

2007-2010 жылдар аралығында «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалында жастар ісі бойынша кеңесші, Астана қаласында партияның жастар бағдарламалары және жобалары бойынша сарапшы болып еңбек етті.

2010 жылдан бастап «Нұр Отан» партиясы СҚО Қызылжар аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары болды. Партияның облыстық филиалы төрағасының орынбасары лауазымын атқарды.

2016-2021 жылдар аралығында Петропавл қалалық мәслихатының VI шақырылымдағы хатшысы, 2021 жылдың қаңтарынан VII шақырылымдағы хатшысы болды.

Бұған дейін СҚО мәслихатының төрағасы болып Владимир Бубенконың сайланғанын айтқан едік.


Соңғы жаңалықтар