Арман Әшімов М1 Challenge чемпиондық белдігі үшін сайысқа шығады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Танымал қазақстандық ММА шебері Арман Әшімов ең жеңіл салмақта М1 Global чемпиондық атағы үшін жекпе-жекке шығады, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА.

12 мамыр күні Қытайдың Шеньчжен қаласында аралас жекпе-жектен M-1 Challenge 91 халықаралық турнирі өтеді. Аталмыш жарыстың басты жекпе-жегінде ұйымның чемпиондық белдігінің уақытша иегері Арман Әшімов M-1 бәсекесінің чемпионы Александром Доскальчукке қарсы шығады.

Осыдан бір жыл бұрын Доскальчук M-1 жарысының ең жеңіл салмақтағы толыққанды жеңімпазы атанған болатын. Алайда ол жарақатына байланысты карьерасында біраз үзіліс жасауға мәжбүр болды.

Осы уақыт аралығында дивизионға қазақстандық жекпе-жек шебері Арман (Мұстафа Өзтүрік) Әшімов шықты. Өте қызықты өткізген 3 кездесуден кейінгі сенімді жеңістерінен соң Арман уақытша чемпион атанды. Енді ол өзінің карьерасындағы ең маңызды жекпе-жекке сақадай-сай отыр.

Соңғы жаңалықтар