Арли Чонтей Хьюстондағы ӘЧ сайысын аяқтады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Хьюстонда ауыр атлетикадан екі салмақ дәрежесінде (біреуі ерлер арасында және біреуі әйелдер арасында) әлем чемпионаты басталды.

Ауыр атлетика федерациясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, жарыстың бірінші күні біздің құрамамыз үшін сәтсіз өтті. 56 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Қазақстанның атынан Арли Чонтей шықты. Бірақ, спортшымыздың «жұлқа көтеруді» екінші орында аяқтағанына қарамастан, қоссайыс қорытындылары бойынша жүлдегерлер үштігінен шығып кетті.

«А» тобында медальдар үшін күреске 10 адам шықты.

Чонтей бірінші мүмкіндігінде 120 келіге тапсырыс беріп, кейіннен бастапқы салмақты 127 келіге дейін екі рет өзгертті және оны оңай еңсерді. Екінші «жұлқа көтеруі» сәтсіз өтті, ал үшінші мүмкіндігінде біздің спортшымыз 132 келіні бағындырды. Вьетнам және КХДР-дан келген екі қарсыласына сәйкесінше екі және бір ұпай жетіспеді. Екеуі де мәлімдеген 133 келі салмақты бағындыра алмады, сондықтан бұл жаттығуда біздің спортшымыздың «күміс» алуы айқын болды. Бірінші орында Олмпиада ойындарының жеңімпазы, «серпе көтеруде» 139 келіні бағындырып, жаңа әлемдік рекорд орнатқан қытайлық спортшы У Цзинбяо орналасты. Көшбасшылар үштігіне 2012 жылғы Олимпиада чемпионы, 2014 жылғы әлем чемпионы Ом Юн Чхоль кірді.

«Серпе көтеруде» біздің спортшымыз 150 келіге тапсырыс берді, бірақ берілген үш мүмкіндіктің бәрін сәтсіздікпен аяқтады. Бұл жаттығуда 171 келіні бағындырып, әлемдік рекорд орнатқан солтүстіккореялық спортшы көшбасшы атанды. Ол Хьюстон чемпионатының алтын медалін алды.

Ертең, 23 қараша күні Астана уақытымен сағат сағат 03:00-де 53 келіге дейінгі санатта («А» тобы) Маргарита Елисеева шығады. Тікелей көрсетілім «Kazsport» телеарнасында өткізіледі. Сағат 09:30-да 69 келіге дейінгі «В» тобында Фархад Харки бақ сынайды.

Соңғы жаңалықтар