«Арлан» бронды техникасының әлемдік баламалары әлдеқайда арзан - министрлік

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қорғаныс министрлігі қазақстандық өнім деп есептелетін «Арлан» бронды техникасының шетелдік баламалары қанша тұратынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» ЖШС-ның өз өнімдері шетелдік баламаларынан екі есе арзан екені туралы уәжіне орай мына мәліметтерді ұсынамыз», - делінген министрліктің БАҚ-та жарияланған сыни мақалаға берген жауабында.

«Арлан» бронды техникасы (Қазақстан) – 424 945 440 теңге.

«Кобра 2» бронды техникасы (Түркия) – 345 600 000 теңге.

«Aravis» бронды техникасы (Франция) – 255 750 000 теңге.

«Cougar H» бронды техникасы (АҚШ) – 218 550 000 теңге.

«Тигр» бронды техникасы (Ресей Федерациясы) – 192 000 000 теңге.

«Яғни, бұл мәлімдеме шындыққа жанаспайды», -дейді ведомство мамандары.

Бұған дейін Қорғаныс министрлігі қайелдің пилотсыз ұшатын аппаратарын пайдаланып жүргені туралы мәлімет берген болатын.





Фото: kapital.kz



Соңғы жаңалықтар