Арктиканың адам аяғы тимеген мұзынан пластик табылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Арктика әлемнің аздаған ластанбаған жерлерінің қатарына енгенмен, онда жауған қардың құрамында пластиктің микроскопиялық бөлшектері бар. Бұны неміс және швейцар ғалымдары анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат BBC-ге сілтеме жасап.

Германиядағы Альфред Вегенер атындағы полярлық және теңіз зерттеулері институтының және Швейцарияның қар мен көшкінді зерттеу институтының командасы өткізген зерттеулер нәтижесі Science Advances ғылыми журналында жарияланды.

Неміс институтының зертханасында шыны құтыларға жиналған үлгілерді зерттей келе, ғалымдар қардың әрбір литрінен пластиктің оң мыңға жуық микроскопиялық бөлшегін анықтаған.

Бұл – адам Арктикаға келсе де ауамен бірге осы бөлшектерді жұтады дегенді білдіреді. Микропластиктің адамның ағзасына әсері әзірге толық зерттелмеген.

Сондай-ақ, зерттеушілер қардан резеңке және қатты талшықтардың (синтетикалық болуы мүмкін) бөлшектерін тапты.

Жалпы ғалымдар қар суынан көп микробөлшектерді анықтады. Пластмассадан бөлек онда целлюлоза, қылшықтың бөлшектері табылды, сондай-ақ, резеңкелі шиналардың, лактар мен бояулардың бөлшектері болған.

«Біз қандай да бір ластануды анықтаймыз деген ойда болдық, алайда микропластиктің осыншама мөлшері бізді таң қалдырды», , - деді экпедиция жетекшісі, профессор Мелани Бергманн.

«Қардағы микропластиктердің басым көпшілігі ауадан түскен болуы керек», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар