2010 жылғы 9 мамыр 12:30

Әрқашан жерімізде, елімізде бейбітшілік пен тыныштық болсын - ҰОС ардагері

АСТАНА. Мамырдың 9-ы. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Әрқашан жерімізде, елімізде бейбітшілік пен тыныштық болсын, дейді Ұлы Отан соғысының ардагері Баймұхан Әбілов.

Ол бұл пікірін ҚазАқпарат тілшісіне елорданың «Отан қорғаушылар» алаңында өтіп жатқан Жеңістің 65 жылдық мерейтойына арналған іс-шаралар барысында білдірді.

Мерекелік көңіл-күйдегі майдангер Жеңіс күні тек ардагерлердің ғана емес, бүкілхалықтық мереке екендігін жеткізді.

«Сондықтан мен барлық қазақстандықтарды осынау бір тамаша мерекемен құттықтап, бақыт, денсаулық және ең бастысы, жер бетінде бейбітшілік болғанын тілеймін. Адамзат баласы сұрапыл соғыстың не екенін білмесін. Қазіргі уақытта біздің Мемлекет басшымыздың жүргізіп отырған саясатының арқасында республикамызда бейбітшілік пен тыныштық орнаған және Қазақстан тұрақты дамып, гүлдене түсу үстінде. Біздер, майдангерлер мемлекет тарапынан үлкен көмек алып, барлық жағынан қамтамасыз етіліп отырмыз. Ал мереке күндері тіпті екі есе қамқорлықпен кеңпейілді зейінді көреміз. Әрқашан жерімізде, елімізде бейбітшілік пен тыныштық болсын», дейді ағынан жарылған ардагер.

Сондай-ақ... оқыңыз

Jańalyqtar

MURAǴAT