+7 (701) 759 90 19
USD 427.15 EUR 519.12
RUB 5.96 CNY 66.84
Jańalyqtar

Арқалықтың жылу беру жүйесі жаңарды

2021 жылғы 17 ақпан 15:36
Бөлісіңіз:
Арқалықтың жылу беру жүйесі жаңарды

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Арқалық қаласын жылу берудің жаңа түріне көшіру жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Биыл облыстың проблемалық мәселелерінің бірі – Арқалық қаласын жылумен жабдықтау шешіледі. Қаланың жылу-энергетикалық жүйесі жаңа әдіске көшті. Енді Арқалық қаласы қатты отынмен жылытылады. Бұған дейін Арқалық қаласын әр жылу маусымынан алып шығу үшін жыл сайын республика бюджетінен 2 млрд теңгенің үстінде трансферт бөлінетін. Қыста мазутпен жағып келген қаланың жылу жүйесін біртіндеп көмірге көшіру мақсатында бюджеттен 7,4 млрд теңге бөлініп, «Арқалық қаласының жылумен жабдықтау жүйесін 2030 жылға дейін қайта жаңарту» жобасы қолға алынды. Арқалық ЖЭО-да қуаты 2,5 МВт 1 турбоагрегат пайдалануға берілді», - деді Архимед Мұхамбетов халыққа есеп беру жиынында.

Өңірде жылумен жабдықтау жобалары бұл ғана емес. «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында Лисаков қаласының Октябрь кентінде жылу желілерінің 2 блокты-модульді қазандығы салынды. Өңірлерді дамыту бағдарламасы бойынша Федоров ауылында газ отынының 4 модульдік қазандығы орнатылды. Денисов ауданының Денисов және Науырзым ауданының Қарамеңді ауылдарында да жылу қазандықтар салынды.

«Халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету біздің облыстың маңызды басымдықтарының бірі. 2020 жылы 13 ауыл алғаш рет орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесіне қосылды, Амангелді ауданының Қабырға ауылында су тазартатын және тарататын 1 пункт орнатылды, бұдан басқа 9 ауылды сумен жабдықтау жұмыстары жақсартылды. 2021 жылы 5 ауылға су тазарту құрылғысын қою жоспарда бар», - деді өңір басшысы.

Жалпы алдағы 5 жылда Қостанай облысында 29 ауыл орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылады.

Айта кетейік, бүгін Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетовтің халыққа есеп беру жиынын өткізіп жатыр.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қасқырбай Қойшыманов

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT