Арқалықтағы ЖЭО апатының себебі айтылды

None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Арқалық әкімдігі бірнеше күн бұрын жылу электр магистралінде болған апаттың болжамды себебін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әкімдіктің мәліметінше, Арқалық жылу электр орталығының жабдықтары 95,2%-ға тозған. Жылыту маусымы басталғалы кәсіпорын үзіліссіз және апатсыз жоспарлы түрде жұмыс істеп келеді.

«2021 жылғы 29 желтоқсанда «Арқалық қаласын жылумен жабдықтау жүйесін 2030 жылға дейін қайта жаңарту» атты пайдалануға беру актісіне сәйкес, жаңа қазандық іске қосылған, оның мақсаты мазуттан көмірге (қатты отынға) көшу болды. Аталған қазандықта үш бу және су жылыту қазаны бар. 2022 жылғы 23 қарашада қатты отынмен жұмыс істейтін қазандықта №5 су жылыту қазандығында жарылыс болып, салдарынан ВК5 қаптамасы құлаған. Тексеру мен алдын ала қарау нәтижесінде бұл тарсыл ВК5 салқындатқыштың жарылуынан пайда болғаны анықталды. Қызметкерлер еш зардап шеккен жоқ», - деп түсіндірді әкімдік.

Жергілікті биліктің мәліметінше, бұл оқиға ғимаратқа, бу қазандықтары мен №4 су жылыту қазандығының жұмысына, жалпы жабдыққа әсер еткен жоқ.

«Жылу желілерінің тозуы 90%-ға ескірген. Жылыту маусымы басталған сәттен 29 қарашаға дейін жылу желілерінен апат байқалған жоқ. Барлық жұмыстар сапалы және қысқа мерзімде орындалып келеді. Халықтан арыз-шағым келіп түседі, кезекші бригадалар өтінімдерге жедел шығады. Апаттар тәулік бойы жойылып отырады», - деп толықтырды қалалық әкімдік.

Еске салсақ, Қостанай облысының Арқалық қаласындағы жылу электр орталығында апат болды.
Соңғы жаңалықтар