Арқалықтағы қыз зорлау оқиғасы бойынша қылмыстық іс қайта қозғалды

None
None
АРҚАЛЫҚ. ҚазАқпарат – Арқалық қаласында орын алған қыз зорлау оқиғасы бойынша тергеу жұмыстары қайта қолға алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«6 қыркүйек күні Қостанай облыстық прокуратурасында 22 жасар қызды 14 адам зорлады деген факті бойынша тергеу-тексеру ісі қайта қолға алынды. Полиция департаментіне тиісті тергеу жұмыстарын жүргізу жүктелді. Қылмыстық іс облыстық прокуратураның басты назарында» делінген ҚР Бас прокуратурасы таратқан хабарламада.

Айта кетейік, біз өткен жылы 22 жасар қызды бір топ ер адам зорлап, бойжеткеннің жүкті болып қалғаны туралы ақпарат таратқанбыз . Кеше бұл іс Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде қайта көтеріліп, резонанс туғызды.




Соңғы жаңалықтар