+7 (701) 759 90 19
USD 427.15 EUR 519.12
RUB 5.96 CNY 66.84
Jańalyqtar

Арқалықтағы құс фабрикасы жұмысын тоқтатты

2020 жылғы 8 қазан 16:28
Бөлісіңіз:
Арқалықтағы құс фабрикасы жұмысын тоқтатты

ҚОСТАНАЙ.ҚазАқпарат – Арқалық қаласындағы қала құраушы кәсіпорын «Агроинтерқұс» ЖШС жұмысын уақытша тоқтатты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақпаратты агенттік тілшісіне облыстық ветеринария басқармасының басшысы Самат Қалиев растады

«Қазақстан Республикасындағы жоғары патогенді құс тұмауының таралуына байланысты кәсіпорында 502 600 құс қырылды. Сол себепті құс фабрикасының жұмысы уақытша тоқтады. Фабрикадан құс өнімдерін шығаруға тыйым салынды. Қазір өңірде арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр. Оның құрамында ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті және Республикалық эпизоотияға қарсы жасақтың мамандары бар. Құс фабрикасының қай кезде жұмысын жалғастыратынын айта алмаймыз», - деді Самат Қалиев.

«Агроинтерқұс» ЖШС басшылығының айтуынша, кәсіпорынның қызметін қайта жалғастыру үшін кемі бір жыл қажет. Сонымен қатар жұмыстың жандануына 1,5 миллиард теңге қаражат жұмсалады.

Арқалықтағы құс фабрикасы 1970 жылдан бері жұмыс істеп келеді. 1992 жылы оның тоқтатылып, 2008 жылы қайта ашылды. «Агроинтерқұс» кәсіпорнында 220 адамға жұмыс істеп келген. Фабрика жылына 120 млн дана жұмыртқа өндіріп, нарыққа шығарып отырды.

Бұған дейін құс тұмауына байланысты Қостанай облысында 8 ауылдың карантинге жабылғаны хабарланды.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қасқырбай Қойшыманов

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT