Арқалықта жылу трассасына соғылған жүргізуші қаза тапты

Редактор:  
Жанат Қапалбаева

Арқалықта жылу трассасына соғылған жүргізуші қаза тапты Фото: t.me/POLICE_of_KZ

АРҚАЛЫҚ. ҚазАқпарат - Қостанай облысында жүргізуші жылу трассасына соғылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат полицияға сілтеме жасап.

30 наурыз сағат 14:49-да Арқалық қаласында ВАЗ автокөлігінің 28 жастағы жүргізушісі Ш.Жәнібек көшесімен келе жатып, рөлге ие бола алмай жылу трассасына соғылды.

Жол апаты салдарынан жүргізуші мерт болды.

Қазір аталған дерек негізінде ҚР ҚК 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

«Сараптама тағайындалды, қажетті тергеу жүргізіліп жатыр» деп хабарлады облыстық ПД.





Серіктестер жаңалықтары