Арқалықта жолаушылар автобусы қар құрсауында қалып қойған

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Солтүстік өңірлік аэромобильді жедел-құтқару жасағының құтқарушылары 14 адам мен 4 техниканы қар құрсауынан шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Арқалық - Ашутасты» жолында 11 жолаушы мінген PAZ рейстік автобусы қар құрсауында қалды. Оның ішінде 5 әйел болған.

«Жедел-құтқару жасағының күшімен тоқтап қалған автобус тазартылған жолға шығарылды. Боран салдарынан Арқалық қаласына қарай өтетін жолды қар басып қалған. Сондықтан автобус Ашутасты ауылына қайта оралды. Құтқарушылар шынжыр табанды тартқыш арқылы «УАЗ» автокөлігімен Арқалық қаласына 11 адамды аман-есен жеткізді»,- дейді департамент өкілдері.null

Ашутасты ауылына келе жатқан жолда құтқарушылар қар құрсауында қалған 3 жеңіл автокөлікке көмек көрсетті.null

Еске салсақ, жақында Қостанай облысында қар құрсауында қалған 12 балықшы құтқарылған болатын. null

Соңғы жаңалықтар