Арқалықта жетім балаларға тиесілі азық-түлікті ұрлап келген бас дәрігер сотталды

ҚОСТАНАЙ.ҚазАқпарат – Арқалық қалалық сотының үкімімен Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасына қарасты «Мамандандырылған балалар үйі» мекемесінің бас дәрігері сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Арқалықтағы Мамандандырылған балалары үйінің бас дәрігері ауыр сыбайлас жемқорлық жасағаны үшін айыпталды. Іс деректерінде көрсетілгендей, бас дәрігер 2016-2019 жылдар аралығында балалар үйіне тиесілі азық-түлік өнімдерін, сондай-ақ жалпы сомасы 1 млн теңге болатын АИ-92 маркалы жанар-жағармайды жымқырған. Жетім балаларға бөлінген азық-түліктің жалпы сомасы 3 млн теңгеден асады.
«Сот барысында бас дәрігер айыбын мойындамады, бірақ оның кінәсі жәбірленушілер мен куәгерлердің айғақтарымен, қылмыстық іс материалдарымен, сондай-ақ әртүрлі сараптамалардың қорытындыларымен дәлелденді. Ол ҚР ҚК 189-бабы, 3-бөлігінің 2-тармағы бойынша айыпталды. Сот талқылауы барысында анықталған мән-жайларды, жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтың ауырлығы мен қоғамдық қауіптілік дәрежесін, сотталушының жеке басын, келтірілген залалды өтеудің болмауын ескере отырып, сот оған мүлкін тәркілеусіз 5 жыл бас бостандығынан айыруды тағайындады», делінген облыстық соттың баспасөз хабарламасында.
Сонымен, Арқалық мамандандырылған балалар үйінің бас дәрігері мемлекеттік қызметте және басқа да ұйымдарда лауазым қызметтерді атқару құқығынан айырылды. Ол жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемесінде өтейді. Үкім заңды күшіне енген жоқ.
- Қылмыс әлемінің серкесі «Серік-головаға» қатысты сот үкімі шықты
- Балаларға жасалатын жыныстық қылмыстар үшін жаза қатайтылды
- Қазақстанда жыл басынан бері 6 мыңнан астам қылмыс тіркелді - ІІМ
- Атырауда түрмеге телефон өткізбек болғандар қамауға алынды
-
Қостанай облысында 5-11 сынып оқушылары қашықтан білім алады
-
Алматы облысында педофил өмір бойына бас бостандығынан айырылды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам