Арқалықта жалындаған үйден 5 бала құтқарылды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Арқалықта өртеніп жатқан көпқабатты үйден 40 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Пәтердің есігі мен іштегі газ баллоны жанды. Құтқарушылар 40 адамды қауіпсіз жерге көшірді. Оның ішінде 5 бала бар. Алдын ала болжам бойынша, өрт газ баллоны редукторының ақауынан шыққан», - деді облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз хатшысы Уәлихан Досанов.

Құтқарушылардың мәліметінше, өрттен зардап шеккендер жоқ.

Соңғы жаңалықтар