Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 369.36 EUR 431.30
RUB 5.45 CNY 53.80
Жаңалықтар

Арқалықта шұжық және консерві цехы іске қосылады

2018 жылғы 15 қыркүйек 14:07 457
Бөлісіңіз:
Арқалықта шұжық және консерві цехы іске қосылады

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов жұмыс сапарымен Арқалық қаласына барды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Қарағандыда алғашқы қазақстандық мыстың балқытылуының 90 жылдығы аталып өтті Қазақстанда мұнай, табиғи газ және металл өндірісі ұлғайды

Облыстың ет кластерін дамытуға Арқалық қаласы зор үлесін қоспақ. Себебі, мұнда қазан айында ет өңдеу кешені іске қосылады. Шұжық өнімдері мен консервіленген ет шығаратын жаңа өндіріс орны жылына 1 мың тонна дайын өнім шығарады деп күтілуде. Арқалық қаласының әкімі Елдар Күзембаевтың сөзінше, жобаның жалпы құны - 2 млрд теңге.

«Қазіргі уақытта ғимараттың ішкі жұмыстары жүргізіліп жатыр. Төбесі мен сыртқы әрлеу жұмыстарын аяқтадық. Мал сою пунктіне сэндвич панельдер орнатылып, жылу және жарық жүйесі жүргізілді. Осы жылдың тамыз айында «Тобыл» кәсіпкерлікті қолдау корпорациясынан үш пайызбен несие алып, 500 млн теңгеге құрал-жабдықтар сатып алынды. Оның ішінде Польшадан етті қайта өңдейтін құрылғы алдырдық. Құны 250 млн теңге тұрады. Енді Арқалықта ет өнімдері көбейеді. Стейк, шұжық тағамдары өзімізден шығады», - деді Елдар Күзембаев.

Арқалықта шұжық және консерві цехы іске қосылады 

Ет комбинатына Украинадан құны 42 млн теңге болатын консервілеу аппараты әкелінді. Сондай-ақ, жоба жетекшісі «Торғай-Ет» ЖШС Қытайдан консервіленген өнімді қайнатуға арналған жабық қазандық сатып алды. Бұған15 млн теңге жұмсалды.

Мал сою цехында ішек-қарын тазаланатын және тері сақтайтын қойма бар. Сиыр еті тоңазытқыштарда -36 градус температурға дейін сақталады. Айта кетейік, шұжық және консерві цехы басқа өңірлерден технологтар келген соң өз жұмысын бастайды.

Ет комбинатында тұрақты 120 жұмыс орны ашылады. Өз кезегінде Архимед Мұхамбетов жергілікті кадрларды дайындау жұмыстарына баса назар аудару қажеттігіне тоқталды. 

«Қашанғы әр жерден маман іздеп жүресіздер. Арқалықтың жастарын оқытыңыздар.Қазір біліктілікті арттыратын арнайы курстар бар. Кем дегенде 3-4 жыл оқиды. Содан кейін жергілкті кадрлардың сапасы жақсарады», - деді облыс әкімі.

Арқалықтың ет комбинаты 1997 жылы өз жұмысын тоқтатқан болатын. Былтыр индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында өндіріс орны жұмысын қайта жандандырды.


Арқалықта шұжық және консерві цехы іске қосылады 

 


Бөлісіңіз:

Автор:

Қасқырбай Қойшыманов

Онлайн қызметкерлер
Редактор
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
Редактор
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
Редактор
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
Мұрағат