+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Арқалықта самокаттағы ер адамды көлік қағып, мерт қылды

2021 жылғы 22 шілде 13:47
Бөлісіңіз:
Арқалықта самокаттағы ер адамды көлік қағып, мерт қылды

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Жол-көлік оқиғасы Арқалық қаласында болды. Оқиға туралы ҚазАқпарат тілшісіне Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Виталий Цой айтып берді.

Ұқсас жаңалықтар
Вакцина алған қостанайлықтар арасында автокөлік ойнатылып жатыр Қостанайда дала өртін сөндіру бір тәулікке созылды Қостанай облысындағы «Қара бүркіт» колониясының жанында өрт шықты

«Арқалық қаласында «Лада 2121» автокөлігінің 1984 жылғы жүргізушісі 1978 жылғы электр самокатпен келе жатқан азаматты қағып кеткен. Ол алған жарақаттардан жедел жәрдем көлігімен қалалық ауруханаға бара жатқан жолда көз жұмды», - деп мәлімдеді В. Цой.

Полиция департаментінің баспасөз қызметінің ақпаратынша, облыста жол-көлік оқиғаларының санын азайту мақсатында 13 шілде мен 12 тамыз аралығында «Қауіпсіз жол» алдын алу шарасы жүргізілуде.

Шілде айында өңірде 7 жол-көлік оқиғасы болған. Салдарынан 3 адам қаза тауып, 6 адам зардап шеккен.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бибіхан Серікова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT