Арқалықта полицейлер өзіне қол жұмсамақ болған ер адамды құтқарып қалды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Арқалық қаласында учаскелік полиция инспекторлары өзіне қол салмақ болған ер адамды құтқарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға Арқалық қаласындағы көпқабатты үйлердің бірінде болған.

«А.Әлмағамбетова есімді әйелдің күйеуі пәтер есігін ішінен іліп алып, ашпай қойған. Әйел үйіне кіре алмаған соң бірден учаскелік инспекторға хабар берген. Оқиға орнына аға лейтенант Әбілбек Ағатанов пен полиция капитаны Дархан Тұрғанов жетті. Полиция қызметкерлері пәтердің бірінші қабатындағы кіреберіс маңдайшаға мініп, үй иесінің өзіне қол жұмсамақ болғанын көрген. Есіктер мен терезелер жабық болған. Сол кезде полиция қызметкерлері жақын маңда өтіп бара жатқан жігітті көмекке шақырып, одан пәтер терезесінен ішке кіріп, есікті ашуын өтінеді. Қала тұрғыны қарсы болмай, тәртіп сақшыларына көмекке келді»,- делінген полицияның баспасөз хабарламасында.

Бірнеше минуттан кейін құтқару операциясы сәтті аяқталды. Тәртіп сақшылары ер адамды өзіне қол жұмсамақ болған сәтінде құтқарып қалды. Суицид жасамақ болған ер адамға медициналық және психологиялық көмек көрсетілді. А. Әлмағамбетова күйеуін өлімнен арашалап қалған тәртіп сақшыларына алғыс айтты.

Соңғы жаңалықтар