Арқалықта отпен ойнаған балалар тұрғын үйді өртеп жіберді

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Арқалық қаласында тұрғын үй өртеніп, 30 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қостанай облысы ТЖД Ішкі және сыртқы коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

«Арқалық қаласы Байтұрсынов көшесіндегі тұрғын үй өрті туралы ақпарат 9 қараша күні сағат 20:51-де келіп түсті. Көршілер 2-қабаттағы пәтерден түтін шыққанын хабарлады. Сағат 20:55-те оқиға орнына құрамында 2 арнайы өрт сөндіру техникасы, 1 АЛ-30 автосаты және жеке құрамның 11 құтқарушысы бар №4 МӨСБ өрт сөндіру жасағы жетті. 2-қабаттағы пәтерде 60 шаршы метр алаңда үй заттары мен жиһаз жанып жатқаны анықталды. Өрт салдарынан пайда болған түтін кіреберісте тез тарала бастады және жоғары қабаттағы тұрғындардың жолын бөгеді», - дейді ТЖД баспасөз хатшысы Уәлихан Досанов.

Автосаты көмегімен 5-қабаттың балкондарынан 19 адам, оның ішінде 13 бала құтқарылды. Сонымен қатар, баспалдақтар арқылы 11 адам оқшау аумаққа эвакуацияланды.

«Газ-түтіннен қорғау қызметінің 2 буыны 21:26-да өртті ауыздықтады. Тағы 30 минут ішінде өрт сөндірушілер өз жұмыстарын жалғастырып, өртті толығымен жойды. Арқалық ауруханасына 4 адам жатқызылды, олардың бірі – 2014 жылы туған бала. Дәрігерлер зардап шегушілерге улану диагнозын қойды», - дейді У.Досанов

Алдын ала болжам бойынша, өрт балалардың отпен ойнауынан болған.


Соңғы жаңалықтар