Арқалықта өлтірілген ерлі-зайыптылардың мүрделері гараж шұңқырынан табылды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Арқалық қаласының полицейлері ауыр қылмыс - ерлі-зайыптылардың өлтірілуін ашты. Бұл істің тергелуі екі адамның ұрлануы күдігімен басталған болатын, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісіне Қостанай облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметінен.

«Қызметтестері мен туыстары полицияға адамдардың жоғалуы туралы ақпаратпен келген соң олардың пәтерін ашу шешімі қабылданған. Оның ішінен қан мен бытыралы оқтың іздері табылды», - деп хабарлады ІІД-нен.

Тергеу амалдары жедел қызметкерлерді Қарағанды облысына әкелді. Онда қылмысты жасауда күдікті танылған азамат ұсталды. Арқалық қаласының 39 жастағы тұрғыны ерлі-зайыптыларды жеке жақтырмаушылық қатынасы үшін өлтіргенін айтты.

Оның сөздеріне орай қылмыс жасалған орынды тексеру және нақтылау барысында жәбірленушілердің мүрделері жалға алынған гараждың шұңқырынан табылды. Қылмыс жасау кезінде қолданылған шолақ мылтық пен пышақ та осы жерден шықты.

Күдікті азамат қамауға алынды, тергеу амалдары жүргізілуде. Қылмыстық іс бойынша сот сараптамалары тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар