Арқалықта мәслихаттың бас есепшісіне қатысты сот үкімі шықты

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Арқалықтың қалалық соты Арқалық қалалық мәслихатының бас есепшісіне қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

51 жастағы Лейла Баракова қызметте жүріп, 2011-2017 жылдар аралығында өзінің банктегі шотына 1 274 663 теңге заңсыз қаражат аударған. Оған қоса несиесін өтеу үшін шағын несие ұйымының шотына 125 мың теңге жіберген. Мемлекеттік мекемеге келтірген залал көлемі - шамамен 1,4 млн теңге.

Лейла Баракованың күйеуі, үш баласы бар. Қылмыскердің айтуынша қаражатты баласының оқуы үшін және материалдық жағдайы қиындап кеткесін аударып отырған. 

Сот экс-бухгалтерді бес жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаға тартты. Оның барлық мүлкі тәркіленіп, өмір бойы мемлекеттік лауазымды қызмет атқару құқығынан шеттетілді.  Ол жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа түзету мекемесінде өтейді.

Л. Баракова сот залында қамауға алынды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Соңғы жаңалықтар