Арқалықта көпқабатты үй өртеніп, 20 адам эвакуацияланды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Бүгін Арқалық қаласында көпқабатты тұрғын үйден өрт шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгін сағат 09:16-да Арқалық қаласы өртке қарсы қызмет пультіне көпқабатты үйдегі өрт туралы хабар келіп түсті.

«Жалын үйдің үшінші қабатынан шыққан. Өрт сөндіру қызметі автосаты арқылы 4-қабаттан 2010 жылы туған баланы, 3 ересек адамды түсіріп алды. Барлығы көпқабатты үйден 20 адам құтқарылды. Оның 7-еуі - бала. Көмірқышқыл газына уланған 5 тұрғын ауруханаға жеткізілді», - деді ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов.

Өрт 10 шаршы метр аумақты шарпыған. 09:44-те толығымен сөндірілді. Сөндіру жұмыстарына Қостанай облысы ТЖД жеке құрамынан 14 адам және 3 өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды.

Соңғы жаңалықтар