Арқалықта қар құрсауында қалған 14 жолаушы құтқарылды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Арқалық-Жезқазған тасжолында қар құрсауында қалған 14 адам құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгін сағат 09:00 шамасында облыстық ТЖД кезекші бөліміне «Арқалық-Жезқазған» тасжолында 2 жеңіл көліктің тұрып қалғаны туралы хабар түскен.

«Жалғызтал ауылынан 15 шақырым жерде Toyota «Corolla» және «Газель» маркалы екі автокөлік қар құрсауында қалып қойған. Көліктердің ішінде барлығы 14 адам болды», - деді ТЖД баспасөз хатшысы Уәлихан Досанов.

Оқиға орнына Арқалық қаласы Солтүстік өңірлік аэромобильді жедел-құтқару жасағы жұмылдырылды. Олар арнайы көліктермен жолды тазалап, адамдарды оқшау жерге көшірді. Құтқарушылар тобы қар құрсауында қалған адамдарды Арқалық қаласына жеткізді.

Соңғы жаңалықтар