+7 (701) 759 90 19
USD 427.22 EUR 519.71
RUB 5.78 CNY 66.52
Jańalyqtar

Арқалықта 15 жасар жасөспірім өтіп бара жатқан қыздарға оқ атқан

2021 жылғы 4 мамыр 19:45
Бөлісіңіз:
Арқалықта 15 жасар жасөспірім өтіп бара жатқан қыздарға оқ атқан

АРҚАЛЫҚ. ҚазАқпарат — Жасөспірім жігіт қыздарға травматикалық қарудан оқ атқан. Полиция Арқалықта екі қызға дене жарақатын салу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қостанай облысының полиция департаментіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда камералардың көмегімен 1,5 мыңға жуық қылмыс ашылды СҚО тұрғыны әйелін атып өлтірді, немересін жаралады деген күдікпен ұсталды Бір аптада елімізде 3 мыңға жуық қылмыс жасалды – ҚР ІІМ

3 мамырда Арқалық қаласының полиция бөліміне ауруханадан 17 және 25 жастағы тұрғындардың жарақат алғандығы туралы хабарлама түскен. Олар білек пен жамбас тұсынан оқ тиіп, жедел жәрдем бөліміне жеткізілген.

«Алғашқы тергеу әрекеттері барысында қыздардың Маясова көшесімен өтіп бара жатып тарсылды естігені, содан кейін қол-аяқтарына жарақат түскені анықталды. Қыздар ауруханаға жеткізіліп, оларға алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Қазіргі уақытта «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Оқиға орнында пневматикалық қарудың оғы табылды», – деп түсіндірді полиция департаментінде. Қазіргі уақытта сараптама тағайындалып, тергеу жүріп жатыр.

«Полиция әкесіне тиесілі пневматикалық мылтықтан оқ атқан 15 жастағы жасөспірімнің кім екенін анықтады. Қазіргі уақытта ата-анасына қатысты «Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау» бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды», – деді полицияда.


Авторы Жанна Мұсабаева


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлзат Ақжолова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT