Арқалық-Торғай тасжолы жабылды

None
None
ҚОСТАНАЙ.ҚазАқпарат - Ауа райының бұзылуына байланысты Қостанай облысындағы бірнеше жол бағыттары жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ауа райының құбылуына байланысты 13 наурыз күні сағат 18:00-ден бастап республикалық маңызы бар «Жезқазған-Петропавл» (Ақмола-Арқалық-Қарағанды облысы шекарасының 252-377 шақырымы) тасжолы барлық көлік түрлері үшін жабылды», - делінген ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті.

Сондай-ақ, боран түсіп, жолдың нашар көрінуіне байланысты облыстық маңыздағы «Арқалық-Торғай» (Арқалық-Амантоғай бағытының 0-98 шақырымы) тасжолындағы көлік қозғалысы шектелді.

Күн райының бұзылуына орай қостанайлық құтқарушылар көлік жүргізушілерге барынша сақ болуды ескертеді.

Соңғы жаңалықтар