Арқалық қаласының жылу электр орталығында апат болды

None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысының Арқалық қаласындағы жылу электр орталығында апат болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әлеуметтік желіде ЖЭО-да болған апаттың видеосы тарап жатыр.

Жергілікті билік жағдайға қатысты түсінік берді.

«Сағат 17.00 шамасында қалалық ЖЭО-ның жылу қазандығында ауқымды емес жарылыс болды. Салдарынан қазандықтың қаптамасы бұзылды. Су жылытатын – екінші және үш бу қазандығы бүлінген жоқ. Қаза болғандар және жұмысшылар арасында зардап шеккендер жоқ. Аталған ақау жылу мен су беруге әсер етпейді», - деді Арқалы қаласы әкімдігінен.

Сондай-ақ мәлім етілгендей, жөндеу шаралары жұмыс тәртібімен атқарылатын болады.

Онымен қоса, қала билігі азаматтардан әлеуметтік желіде жалған мәлімет таратпауды сұрайды.

Айта кетейік, Арқалық жылу электр орталығы ауқымды реконструкциядан кейін былтырғы күзде іске қосылған болатын. Бұл ЖЭО-ға мазуттан көмірге көшуге мүмкіндік берді.


Соңғы жаңалықтар