Арқалық қаласында мемлекеттік қызметшілердің сынақ залы ашылды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Бүгін Арқалық қаласында мемлекеттік қызметшілердің аймақтық тестілеу залы ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық мемлекеттік қызмет істері департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сынақ залының ашылуына облыстың мемлекеттік қызмет істері департаментінің басшысы Салауат Мүксімов пен Арқалық қаласының әкімі Эльдар Күзенбаев қатысты. Мұндай орынды ашудағы басты мақсат – мемлекеттік және құқық қорғау қызметіне жұмысқа тұрушыларға жеңілдік жасау.

«Тестілеу залы үздік материалдық-техникалық базамен жабдықталған. Бұл Қостанай облысындағы екінші зал, біріншісі облыс орталығында орналасқан. Департамент өңірлердің облыс орталығынан алшақтығын, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілер мен өңірлердегі бос орындар санын зерделеп, аталмыш орталықты ашып отыр. Залдың басты міндеті – мемлекеттік қызметтің қолжетімділігін арттыру, кандидаттар үшін қолайлы жағдай жасау және көлік шығындарын азайту», - деді департамент басшысы Салауат Мүксімов залдың ашылу салтанатында.

Енді бұл сынақ залына Амангелді, Жангелдин, Науырзым аудандарының тұрғындары да жүгіне алады. Сонымен қатар, Ақмола облысының көрші Жақсы, Есіл, Жарқайың аудандарының, сондай-ақ Қарағанды облысының Ұлытау ауданы тұрғындарының да аймақтық сынақ залына келуге мүмкіндігі бар.

Соңғы жаңалықтар