Арқалық қаласында 300 мыңға жуық құс қырылып қалды

None
None
ҚОСТАНАЙ.ҚазАқпарат – Арқалық қаласындағы құс фабрикасында 296 446 құс қырылып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық ветеринария басқармасының мәліметін сүйенсек, бір аптаның ішінде облыста 299 730 құс өлген. Қазір мамандар әр елді мекенде тиісті жұмыс шараларын қабылдап жатыр.

«Бүгінгі мәлімет бойынша облыста жеке секторларда өлген құстардың саны 3 284-ке жетті. Ал Арқалық қаласындағы «Агроинтерқұс» құс фабрикасында 296 446 құс қырылды. Жалпы, Қостанай облысында 5 млн 52 мың құс бар. Ауыл шаруашылығы кәсіпорындары 2 миллионның үстінде құс бағып отыр. Жеке шаруа қожалықтарында 32 мың, ал жеке секторда 2 млн 900 мыңның үстінде құс өсіреді», – дейді облыстық ветеринария басқармасы басшысының орынбасары Бауыржан Бекет.

Қазір облыс аумағында бекітілген ережеге сәйкес, індеттің таралу қаупі бар буферлік зона анықталып, індет ошағының айналасында 20-25 шақырым қашықтықта орналасқан елді мекендердің құстарына міндетті түрде вакцина егу жұмыстары басталды


Соңғы жаңалықтар