+7 (701) 759 90 19
USD 437.20 EUR 475.32
RUB 5.79 CNY 61.94
Jańalyqtar

Арқалық қаласында 27 студент қызылша жұқтырған

2020 жылғы 21 ақпан 11:22
Бөлісіңіз:
Арқалық қаласында 27 студент қызылша жұқтырған

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Арқалық қаласында 27 студент қызылшамен ауырып, ауруханаға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 569 адам болды Испания Еуропада коронавирустан болатын өлім-жітім бойынша 3 орында тұр Түркістан облысында 5 жасар сәби анасынан вирус жұқтырған

Ақпаратты агенттік тілшісіне Облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметі растады. Қазір Арқалық қаласында қызылшаның 29 жағдайы тіркелді. Сырқаттанып қалғандардың 27-і – Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтының студенттері.

«Барлық науқас Арқалық өңірлік ауруханасының инфекциялық бөлімінде жатыр. Науқастарды оқшаулау және емдеу үшін жағдай жасалған. Ауыр науқастар жоқ, 12 науқас ауруханадан шығарылды. Қызылшаға қарсы қосымша иммундау кампаниясы үнемі жүреді. Қостанай облысында қызылшамен ауырған науқас соңғы рет 2019 жылдың шілде айында тіркелді», - деді ведомствоның баспасөз хатшысы Сәуле Манасқызы.

Қостанай облысының басқа өңірлерде қызылша тіркелмеген. Облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің және Арқалық қалалық басқармасының мамандары эпидемияға қарсы іс-шаралар ұйымдастырып жатыр.

Арқалық қаласы оқу орындарының студенттері арасында тиісті шара қабылданды. Қазіргі мәлімет бойынша 698 тұрғын егілді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қасқырбай Қойшыманов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT