Арқалық қаласына жаңа әкім тағайындалды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Арқалық қаласының әкімі болып Қайрат Әбішев тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгін қалалық мәслиxатпен келісе отырып жергілікті активке жаңа басшыны Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов таныстырды. Облыс әкімі Қайрат Әбішевке әлеуметтік-экономикалық бағыт бойынша бірқатар тапсырма жүктеді. Сонымен қатар, жаңа әкім қаладағы инвестициялық жобалардың көбеюін бақылауына алмақ. Қайрат Тынымбайұлы 1969 жылы Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Тимофеевка селосында дүниеге келген. Ол бұған дейін Қостанай облысы Ұзынкөл ауданының әкімі қызметін атқарды.

Соңғы жаңалықтар