+7 (701) 759 90 19
USD 383.95 EUR 429.26
RUB 6.16 CNY 55.02
Jańalyqtar

Арқалық қаласын жылыту үшін 1 млрд теңге бөлінді

2019 жылғы 20 қараша 15:24
Бөлісіңіз:
Арқалық қаласын жылыту үшін 1 млрд теңге бөлінді

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Бүгін облыстық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтті. Депутаттар Арқалық қаласына бөлінетін бір миллиард теңгеден астам қаржыны мақұлдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Жамбылда жылыту маусымы басталды Жамбылда бюджеттік нысандары жылыту маусымына 100 пайыз дайын Елордада дүйсенбіден бастап тұрғын үйлерге жылу беріледі

Жиынға халық қалаулыларынан бөлек, облыс әкімінің орынбасары Ерлан Спанов және қоғамдық кеңес мүшелері қатысты. Олар өңір бюджетінен үнемделген қаржыдан түрлі қажеттіліктер үшін 1,2 млрд теңгеден астам ақша бөлді. Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Гүлбарам Мұсағазинаның сөзінше, 35 млн теңге Қостанай ауданы Надеждин орта мектебінің күрделі жөндеуіне жұмсалады.

«Денсаулық сақтау басқармасына 46,8 млн теңге бөлінді. Бұл қаржыға облыстық ауруханаға ангиограф орнатылады. Бұл бағдарлама жедел жәрдем станциясын жетілдіру, шақыруларды қабылдау және өңдеу, көлік мониторингі және диалогты жазу үшін қажет. Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасына «Еңбек» бағдарламасы аясында қалалардағы кәсіпкерлік бастамаларды қолдауға 131,8 млн теңге бағытталады. Энергетика және ТКШ басқармасына жаңа жылыту маусымын уақытында және апатсыз өткізу мақсатында, Арқалық жылу-энергетикалық компаниясына мазут сатып алуға 1 млрд теңге бөлінді», - дейді Гүлбарам Мұсағазина.

Облыстық қоғамдық кеңестің мүшесі Сергей Жалыбин Арқалық қаласына байланысты мәселе көтерді. Оның айтуынша, мазут алуға жұмсалатын қаржыны азайту керек.

«Неге жыл сайын Арқалыққа мазут сатып алу үшін осынша қаржы жұмсалады? Мазуттан бас тартып, отынның басқа түріне ауысу туралы мәселе қаралып еді. Облыс бюджетінің ауқымды бөлігі Арқалыққа кетеді. Осылай жалғаса бере ме?» - деп сұрады Сергей Жалыбин.

Қоғамдық кеңес мүшесіне облыс әкімінің орынбасары Ерлан Спанов жауап берді. Айтуынша, Арқалық алдағы жылдары көмірге көшеді.

«Жыл сайын жылу беру маусымын өткізу үшін Арқалық қаласына мазут сатып алуға 2,4 млрд теңге қажет. Қазірдің өзінде 900 млн теңге берілді, енді тағы 1,5 млрд теңгедей жұмсалады. Көмір қазандығы құрылысының жобасы әзірленді. 2020-2021 жыл ішінде біз Арқалық қаласын көмірмен жылытудың жаңа жүйесін енгіземіз. Көмірге көшу облыстық бюджетке жүктемені едәуір азайтады», - дейді облыс әкімінің орынбасары.

Депутаттар қаражатты бөлуге бірауыздан дауыс берді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қасқырбай Қойшыманов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT