Арқалық қаласын жылумен жабдықтау жүйесі өзгереді

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Арқалық қаласын жылумен қамтамасыз ету жүйесі өзгереді. Бұл туралы тұрғындарға есеп беру жиынында облыс әкімі Архимед Мұхамбетов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қостанай облысының Арқалық қаласын жылумен қамтамасыз ету ел қазынасына қымбатқа түсетін. Себебі мазут бағасы басқаларға қарағанда шарықтап тұр. Шағын қаланың жылдық отын қорын жасау үшін республикалық бюджеттен 1 миллиард тенгеден астам дотация бөлінетін. Жергілікті жылу орталығын көмірге ауыстыру мәселесі көп жылдан бері шешілмей келген.

«Арқалық қаласын жылумен жабдықтау жүйесі өзгереді. Жылу-энергетикалық орталығын мазут жағудан көмірге көшіру, сондай-ақ оның тиімділігін арттыру мақсатында жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленді. Бұған 7,7 млрд теңге бөлінді. Аталмыш жобада қазіргі жылу-энергетикалық орталығы аумағында көмір отынымен жұмыс істейтін 3 бу және 2 су жылыту қазандығы орнатылады. Бұған қоса жаңа қазандық салу қарастырылған», - деді Архимед Мұхамбетов.

Құрылыс-монтаж жұмыстары 2020 жылдың желтоқсан айында басталады.


Соңғы жаңалықтар