Аризона университетінің Петропавлдағы филиалы алғашқы студенттерін қабылдайды

Фото:
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек АҚШ-тың Қазақстан Республикасындағы уақытша сенімді өкілі Джуди Куомен білім саласындағы ынтымақтастық басымдықтарын талқылады. Бұл туралы «ҚазАқпарат» ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Саясат Нұрбек университет ғылымын дамытуға деген көзқарасымен бөлісіп, олардың орындалуы жаңа министрлік жұмысының табыстылығын айқындайтын негізгі мақсаттарға тоқталды – бұл ғылымды қаржыландыруға және ғалым мамандығының беделін арттыруға жұмсалатын қаржының артуы.

«Біз жастардың ғылымға деген қызығушылығын оятып, жоғары оқу орындарында тиімді ғылыми орта құруымыз керек. Бұл үшін біз озық әлемдік тәжірибені енгізуге дайынбыз», - деді министр.

Саясат Нұрбек кафедра жұмыс істеп жатқан негізгі жобалардың қатарында 500 қазақстандық ғалымның әлемнің үздік университеттеріне тағылымдамадан өтуге жіберілуін, сондай-ақ Қазақстанда әлемдік деңгейдегі ЖОО-ның 5 филиалының ашылуын атап өтті.

Осындай жобалардың бірі – Петропавлдағы Аризона университетінің филиалы қыркүйек айында алғашқы студенттерді қабылдайды. АҚШ-тың Қазақстан Республикасындағы Уақытша сенімді өкілінің пікірінше, америкалық университет филиалының ашылуы Қазақстан мен АҚШ арасындағы жоғары білім және ғылым саласындағы ынтымақтастықтың жарқын мысалы бола алады.

«Фулбрайт бағдарламасының Қазақстанда жүзеге асырылуын талқылау үшін Қазақстан мен АҚШ өкілдерін қамтитын жұмыс тобын құруды ұсынамыз», - деді Джуди Куо.

Фулбрайт бағдарламасы 1946 жылы Америка халқы мен дүние жүзіндегі адамдар арасында өзара түсіністікке жәрдемдесу үшін құрылған. Ол мектеп мұғалімдерінің біліктілігін арттыруға, студенттермен алмасу бағдарламасына, жоғары сынып оқушыларының жаратылыстану, инженерия және математикаға қызығушылығын арттыруға, сондай-ақ студент жастар арасында әйел көшбасшылығын дамытуға бағытталған.



Соңғы жаңалықтар