Әріптестеріне кедергі келтіріп жатқан байқаушылар бар - Нұрлан Өтешев

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Кәсіподақ федерациясы төрағасының орынбасары Нұрлан Өтешев БАҚ өкілдеріне елдегі сайлау барысындағы заңбұзушылықтар туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Кәсіподақтар федерациясының республикалық штабының мәліметінше, қазіргі кезде жалпы сайлаушылардың 50 пайыздан астамы дауыс беріп үлгерген. Екіншіден, заңбұзушылықтарға, фейк жаңалықтарға назар аударсақ, мұндай жағдайлардың көбі адами факторға байланысты. Оның ішінде бір отбасы болып кабинкаға кіріп кету сияқты оқиғалар кездеседі. Дегенмен олар сайлау процесіне аса қатты кедергі жасайтын кемшіліктер емес», - деді Нұрлан Өтешев Сайлауды бейпартиялық байқау орталығында тілшілердің сұрағына жауап бере отырып.

Оның айтуынша, кейбір байқаушылар әріптестерімен сөзге келіп те қалып жатыр.

«Кейбір байқаушылар өздерінің наразығылын көрсете ме, әлде басқадан білімді екенін танытқысы келе ме, әйтеуір басқа байқаушыларға өздерінің іс-әрекетімен кедергі жасап жатыр. Осындай жағдай бір емес, бірнеше облыста тіркелді. Оған да бәріміз баға беруге дайынбыз. Ең біріншіден, аумақтардан түсіп жатқан мәліметтерге сүйенсек, аса қатты бір заңбұзушылық жоқ. Азаматтар дауыс беру құқығын толық пайдалануда», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар