Әріптесіне пышақ салған әскери қызметкер сотталды

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Семей гарнизоны әскери соты әріптесіне пышақ сұғып алған әскери қызметкерге қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қылмыстық істің  материалдарына сәйкес, ағымдағы жылдың 15 мамырында сағат 15.00 шамасында қаладағы әскери бөлімдердің бірінде келісім шарт бойынша жұмыс істейтін қатардағы әскери қзызметшілер арасында жанжал туындайды. Сөзге келіспеген екі жігіттің бірі екіншісінің  құрсақ тұсына пышақ сұғып алады. Осылайша әріптесінің денсаулығына ауыр зиян келтірген.

Сот отырысы барысында тараптармен мәміле түріндегі кінәсін мойындау туралы процесстік келісім жасалды. Азаматқа ҚР ҚК 63 бабы негізінде 4 жылға шартты түрде жаза тағайындалды.

«Сот үкімімен сотталушы  ҚР ҚК-нің 440 бабы 3 бөлімі 3,4 тармақтарына сәйкес кінәлі деп танылып, ол 4 жыл бас бостандығынан айырылды»,-деді Семей гарнизоны әскери сотының бас маманы Гүлдана Жұматаева. 

Соңғы жаңалықтар