Архивтерден 1 млн-нан астам құжат зерттеуге берілген

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов архив саласындағы жұмыстарға қатысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, мемлекеттік архивтерде сақталатын құжаттардың саны 25 млн-нан асты. Жыл сайын архивтер орта есеппен 400 мыңға дейін құжатпен толығады.

«Республиканың мемлекеттік архивтері осы құжаттардың тұрақты сақталуын, олардың пайдаланылуын қамтамасыз етеді. Жылына жүз мыңдаған отандасымыз мемлекеттік архивтердің қызметіне жүгінеді. 2022 жылы 458 957 заңды және жеке тұлғалардың сұраныстары орындалды. Оқу залдары арқылы зерттеушілерге 1 млн-нан астам құжат берілді», - деді Н. Дәуешев министрліктің алқа мәжілісінде.

Оның сөзіне қарағанда, архив саласын қаржыландыруды ұлғайтудың арқасында кейінгі екі жылда құжаттарды цифрландыру қорын құру үшін 1000-нан астам жаңа техника алынды. Бұл қадамдар құжаттарды цифрландыруды жеделдетуге мүмкіндік берді. Былтыр цифрландырылған құжаттардың көлемі 3,7-ден 6 пайызға дейін артты. Жалпы, 1 млн 300 мыңнан астам құжат цифрландырылды, бұл құжаттар 317 млн парақты құрайды.

«Архив – 2025» жобасы аясында республикалық архивтердің ғылыми экспедициялары 2022 жылы 14 шет елде тиісті зерттеу жүргізді.

Бұдан бұрын хабарланғандай, былтыр Қазақстан тарихына қатысты 7 мыңнан астам құжат елге әкелінген.

Елімізде 20-ға жуық мемлекеттік архив ғимаратын салу керек.


Соңғы жаңалықтар