«Архив-2025»: Батыс Қазақстанда Дат мешітінің орны табылды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында Дат мешітінің орны табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры Мирболат Ерсаевтың айтуынша, оның орны «Архив-2025» бағдарламасы аясында атқарылған жұмыс барысында белгілі болды.

Жәңгір хан атындағы тарихи-этнографиялық музейінің меңгерушісі Нұржан Төлепов бұрын белгісіз болып келген тың деректерді ғылыми айналымға енгізу мақсатында өз ұсынысымен «WESTАРХИВ-2025» жобасына сәйкес облыстық архивте жұмыс жасаған еді.
null

Зерттеу барысында Нұржан Төлепов Сырым ауданындағы Сырым Датұлының туған мекенінде Қызыл әскердің бас штабына 1941 жылы дайындалған картадан Дат мешіті болғанын анықтады. Осы жерде 1928 жылы жер қоғамдастығы құрылып, оның құрамында 40 отбасы (168 адам) болған.

Ені 10 метр, ұзындығы 40 метр мешіттің биік мұнарасы болған екен. Көнекөз қариялардың сөзіне қарағанда, азаншы басына шыққанда, Жымпиты қаласы (оны кезінде қала деп те атаған, қазір аудан орталығы) көрініп тұрады екен. Байларды кәмпескелегеннен кейін өгіздердің күшімен мұнарасын құлатып, мешіт ғимаратын бұзып, қасындағы ауылға зәулім мешіт салған кезде ақсақалдар «Елден иман кетеді!» деп жылаған. Сол мектепті 1970 жылы бұзуға рұқсат беріліп, материалдарын жергілікті тұрғындар құрылысқа пайдаланған.

Осы құнды деректі ғылыми тұрғыдан айқындай түсу мақсатында тарихшы-ғалымдар, археологтар және музей қызметкерлерінің қатысуымен экспедиция ұйымдастырылды.
null

«Жымпиты ауылынан 25 шақырым жерде орналасқан, 1785 жылы Сырым батырдың басшылығымен Кіші жүз қазақтарының құрылтайы өткен, «Халық кеңесі» (төрағасы Сырым Датұлы) құрылған жерде болдық. Қалың әскердің алдына шығып сөйлеу үшін сахна іспеттес төбе болуы шарт. Бұл жерде ерте темір дәуіріне жататын биіктігі үш метр бір оба және үш кішкентай обаға кезіктік. Сондықтан осында құрылтай өтті деуге негіз бар. Содан кейін 1941 жылғы картада көрсетілген Дат мешітіне жол тарттық. Ишан Зайлағи Мұхаметниязовтың ұлы, 1930 жылғы Уәлиолла мен оның зайыбы Мәриям әженің жол бастауымен, Жетікөл ауылдық округі аумағында, Бұлдырты өзенінің жағасындағы Дат мешітінің орнында болдық, картамен толық сәйкес келеді. Мұндағы құлпытасты Нұржан Төлеповпен бірге журналистер Қазыбек Құттымұратұлы мен Бауыржан Ширмединұлы арнайы барып оқыды. Онда «Дат мешітінің ишаны Мұхаметниязға құлпытас қойған сол мешіттің азаншысы Шәріп» деп жазылған екен. Шәріптің ұлы Зайлағи Мұхаметниязов Дат мешітінің ишаны болған. Шамасы, соңғы ишаны деп болжаймыз. Сырымның баласы Қазы би, немересі Омар би кесенелері мен «Қаржау ағаш» деген атпен белгілі қасиетті терек басына бардық. Басында суы бал құдық бар. Кезінде үш адамның құшағына сыймаған ағаш қурап, бір жағы құласа да, көктеп өсіп тұр. Сайын даланы қорғаймын деп өмірі ат үстінде өткен Сырым Датұлы осы жерге аялдап, ағашқа атын байлап, құдығынан су да ішкен болар. Осылайша, қызыл империя кезінде қиратылған Дат мешітінің орны табылды», - деді ҚазАқпарат тілшісіне Мирболат Ерсаев.

null null null null null

Соңғы жаңалықтар