+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Архимед Мұхамбетов: Жас дәрігерлерді жұмысқа шақырамыз

2020 жылғы 17 ақпан 17:18
Бөлісіңіз:
Архимед Мұхамбетов: Жас дәрігерлерді жұмысқа шақырамыз

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысына басқа өңірлерден келген дәрігерлер баспанамен қамтылып, көтерме ақы төленеді. Бұл туралы облыс әкімі Архимед Мұхамбетов есеп беру жиынында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Ақтауда дәрігерлердің суреті бар билбордтар іліне бастады Қазақстанға қанша және қандай медициналық маман жетіспейді Жамбылдық дәрігерлер мемлекеттік наградалармен марапатталды

2019 жылы облысқа 265 дәрігер келген. Оның ішінде ауылдық жерге жұмысқа жіберілген 82 маманға 123 млн теңге көтерме ақы төленді. Сонымен қатар медицина қызметкерлерін баспанамен қамтамасыз ету мәселесі шешілді.

«Былтыр облыс әкімдігі «Қазақстан ипотекалық компаниясы» ипотекалық ұйымымен 350 медицина қызметкері үшін тұрғын үй сатып алу туралы келісім жасады. Нәтижесінде облыс қалалары мен аудандарының әкімдіктері басқа жақтан келген 146 маманды үймен қамтамасыз етті. Осы жылы «Дипломмен ауылға» жобасы бойынша 8,8 млн теңгеге 35 медициналық қызметкер 100 АЕК көлемінде көтерме жәрдемақы алады. Сол себепті жас дәрігерлерді Қостанай облысына жұмысқа шақырамыз», – деді облыс әкімі.

Жалпы 2020 жылы денсаулық сақтау саласына 3,7 млрд теңге қосымша бағытталды. Оның ішінде емханаларға 80 санитарлық автокөлік сатып алынады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қасқырбай Қойшыманов

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT