Архимед Мұхамбетов үздік жастарға велосипед тапсырды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Бүгін Қостанай қаласында «Жастар күні-2018» мерекесі аталып өтілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жастар мерекесі «ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл» саябағында өтті. Шараның ашылу салтанатына дейін жастар арасындағы облыстық футзал турнирі ұйымдастырылды. Жарыстың бас төрешісі Мирас Адамбайдың сөзінше, футбол бәсекесіне 20 команда қатысты. Тар алаңдағы турнирден Қостанай ауданы озық шықты. Олар финалда Қарасу ауданының футболшыларын ұтты.
null

Мерекенің ресми бөлігіне қатысқан облыс әкімі Архимед Мұхамбетов елде жастарға жан-жақты қолдау көрсетіліп келе жатқанын айтты.

«Қостанай өңірінің дамуында жастардың үлесі жоғары. Мұны өңірде өтіп жатқан түрлі әлеуметтік шаралар растайды. Қазірдің өзінде 200-ден астам белсенді жас «Қостанай облысы жастарының алтын кітабына» енді. Міне, осы жастар кейінге үлгі болып, өздерін республика көлемінде танытып жүр. Біздің міндетіміз - жас ұрпақтың саналы тәрбие, сапалы білім алуына жағдай жасау. Сіздер, Қостанай жастары, елдің барлық салада дамуына атсалысуларыңыз қажет», - деп атап өтті облыс басшысы.
null

Архимед Мұхамбетов жыл бойы жоғары жетістіктерге жеткен бір топ жасты бүгін де марапаттады. Әкім үздік жастарға бағалы сыйлықтар мен велосипедтер тапсырды. Олардың арасында «Іскер жастардың одағы» қоғамдық ұйымының төрағасы, Арқалық қаласындағы үкіметтік емес ұйымдардың ресурстық орталығының координаторы  Дархан Кикимов те бар.

«Арқалық қаласында іскер жастар бірігіп, арнайы орталық аштық. Мұндағы мақсатымыз - азаматтық қоғамды жан-жақты қалыптастыру. Біз өзімізге сенеміз, артылған жауапкершілікті сезінеміз. Сондықтан да әр ісіміздің нәтижесі бар. Бүгінгі облыс әкімінің қолынан алған марапат соның бір дәлелі», -дейді Д.Кикимов.

Саябақтағы шаралар тізбегі жеке-жеке алаңдарда жалғасты. Тұрғындар асық ату, тоғызқұмалақ, мафия, твистер, аквагрим, армрестлинг сынды көңіл-көтеру, спорт ойындарын тамашалады. Жастар күні өнерпаздардың гала-концертімен аяқталды.

Соңғы жаңалықтар