Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 386.34 EUR 427.25
RUB 5.88 CNY 54.57
Jańalyqtar

Архимед Мұхамбетов Үкімет басшысына «КамАЗ» компаниясының жобаларын таныстырды

2019 жылғы 15 тамыз 14:32 103
Бөлісіңіз:
Архимед Мұхамбетов Үкімет басшысына «КамАЗ» компаниясының жобаларын таныстырды

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Үкімет басшысына «КамАЗ» компаниясының Қостанайдағы инвестициялық жобалары таныстырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Асқар Мамин: Елбасы мен Президенттің тапсырмаларын орындауымыз керек Асқар Мамин Теңіз кен орны мен бірқатар мұнай-газ жобаларын аралады Үкімет басшысы Маңғыстаудағы бірқатар инновациялық өндіріс орындарының жұмысымен танысты

Биыл Қазақстан мен Ресей Федерациясы арасындағы өндірістік кооперацияны дамыту аясында «КамАЗ» көлігі бөлшектерін шығару бойынша бірқатар жобалар іске қосылды. Қазақстан тарапынан серіктес болып «АгромашХолдинг KZ» АҚ таңдалды. Компанияға Қостанайдағы Индустриалды аймақ аумағынан 31 га жер көлемі бөлінген.

«Аймаққа «КамАЗ» арнайы техникасы редукторларын шығаратын екі нысан орналасатын болады. Ал «АгромашХолдинг KZ» АҚ зауытында қосымша қондырғылар, ұсақ бөлшектер өндірісі ашылады. Сонымен қатар, бұл жобаларды білікті кадрлармен қамтамасыз ету үшін ғылыми орталық ашамыз. Жалпы барлық жобаны жүзеге асыруға шамамен 400 миллион АҚШ доллары көлемінде инвестиция салу жоспарлануда», - деді Архимед Мұхамбетов Қостанайдағы автокөлік зауытында өткен мәжілісте.

Осы жұмыстардың нәтижесінде облыста 4 мың тұрақты жұмыс орны ашылмақ. Жылына мұндай 5 000 автобөлшек шығарылады деп күтілуде. Автобөлшектердің (тежегіш қалыптар, орындықтар, электр сұйылтқыш, резеңке және пластикалық бұйымдар) дені қостанайлық зауытқа тиесілі.

«Индустриялық аймақта жылына 86 мың көлік редукторы пайдалануға беріледі. Оның көлемі алдағы жылдарда 180 мыңға дейін жетеді. Өнімнің 95%-ы экспортқа жөнелтілетін болады» , - деді облыс басшысы.

Еске салсақ, бүгін ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Қостанай облысына жұмыс сапарымен келді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қасқырбай Қойшыманов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT