+7 (701) 759 90 19
USD 376.42 EUR 417.41
RUB 6.09 CNY 54.54
Jańalyqtar

Архимед Мұхамбетов өңірде дәрігер тапшылығы қалай шешіліп жатқанын айтып берді

2019 жылғы 5 желтоқсан 14:42
Бөлісіңіз:
Архимед Мұхамбетов өңірде дәрігер тапшылығы қалай шешіліп жатқанын айтып берді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов өңірдегі дәрігерлер жетіспеушілігі мәселесін қалай шешіп жатқанын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Елордада қандай дәрігерлер жетіспейді Жамбыл облысында медицина мамандары тапшы

«Біз «Қазақстан ипотекалық компаниясымен» дәрігерлерге 250 пәтер салу туралы келісімге қол қойдық. Өңірдегі проблеманың бірі - біздің облыста жоғары медициналық оқу орны жоқ. Бізге Ақтөбе, Қарағанды, Семей, Нұр-Сұлтан қалалары мен көрші Ресейден дәрігерлер келеді. Біз оларға тұрғын үй беріп, көмек көрсетеміз. Бүгінге дейін шамамен 255 адамды тарттық. Әйткенмен әлі де 250-270 дәрігер жетіспейді. Бір-екі айдан кейін зейнетке шығатын дәрігерлер бар болғандықтан, бұл процесті тоқтату мүмкін емес», - деді облыс басшысы ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, бүгінде облыста 6200 дәрігер мен 18 мыңға тарта медбике бар.

«Біз дәрігер ғана емес, медбике тапшылығын да шешіп, колледждерде жатақхана салып жатырмыз. Рудныйда Қостанай медициналық колледжінің филиалын ашамыз. Тапшылықты бір демде шешу мүмкін емес. Бірақ жыл сайын дәрігерлерді тарту бойынша жұмыс жүргізетін болсақ, онда 2021 жылға қарай кадр тапшылығынан құтыламыз», - деді Архимед Мұхамбетов.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT