Архимед Мұхамбетов Мемлекет басшысынан алғыс алды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтан алғыс хат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық Ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.

Елбасы Архимед Мұхамбетов пен барша Қостанай облысының тұрғындарын Астананың 20 жылдығымен құттықтады.

«Тәуелсіз Қазақстанның символы саналатын бас қаламыздың айтулы мерейтойы - барша қазақстандыққа ортақ қуаныш. Сарыарқа төсіне қазығын қаққан еңселі елордамызды тұрғызуға бүкіл халқымыз жұмыла атсалысты. «Өңірлердің Астанаға тартуы» жобасы аясында Қостанай облысы да елордаға ерекше сый жасады. Ұзақ қашықтықты қамтитын және толық жабдықталған велосипед жолағы адамдарға арналған қаладағы заманауи ортаның маңызды құрамдас бөлігі саналады. Бұл велосипед жолағы саламатты өмір салтын насихаттап, елордада жаппай спортпен шұғылдану үрдісін дамытуға септігін тигізетін болады. Астананы көркейтуге зор үлес қосқан Сізге және өңір тұрғындарына шынайы ризашылығымды білдіремін. Сіздерге зор денсаулық, бақ-береке тілеймін!» - делінген Елбасының алғыс хатында.

Айта кетейік, Ұзақ қашықтықты қамтитын және толық жабдықталған велосипед жолағы Есіл өзенінің жағалауынан Д.Қонаев көшесіндегі көпірге дейінгі аралықты қамтиды.

Есіл өзенінің бойы мен сол жағалауы және ЭКСПО кешенінің нысандары арқылы өтеді. 56 шақырым веложол салуға Қостанай облысы да айтарлықтай үлес қосты.

Соңғы жаңалықтар