Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 386.34 EUR 427.25
RUB 5.88 CNY 54.57
Jańalyqtar

Архимед Мұхамбетов: Атаулы көмек халықты масылдыққа емес, еңбекке ынталандыруы тиіс

2019 жылғы 22 шілде 11:50 184
Бөлісіңіз:
Архимед Мұхамбетов: Атаулы көмек халықты масылдыққа емес, еңбекке ынталандыруы тиіс

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Сәуір айынан кейін облыста атаулы әлеуметтік көмек алатындардың саны 5 есеге өскен. Бұл туралы облыс әкімдігінде өткен кеңейтілген отырыста Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Гүлнәр Әбенова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Түркістан облысында АӘК-тің таратылуындағы заң бұзушылықтар қаралды Бала туғанда берілетін жәрдемақыны онлайн рәсімдеген аналар арасында байқау өткізіледі Шымкентте шенеуніктер әлеуметтік көмекті заңсыз тағайындау үшін ақша алған

Қостанай облысында жыл басында атаулы әлеуметтік көмек 8 мыңдай адамға берілсе, қазір олардың саны 40 мыңға жуықтап отыр. Осылайша, өңірде 8 289 отбасына 1711,4 млн теңге көлемінде атаулы әлеуметтік көмек берілген. Гүлнәр Әбенованың айтуынша, атаулы әлеуметтік алатындардың 2148-і – көп балалы отбасылар. Ал 2 жарым мыңға жуық адам еңбекке қабілетті жаста.

«Бүгінде «Еңбек» бағдарламасы бойынша көп балалы және тұрмысы төмен азаматтарды, жастарды жұмыспен қамту үшін қосымша қаржы бөлінген. Бұл қаржы «Бастау бизнес» кәсіпкерлік жобасы аясында жұмыссыздарға шағын несиелер бөліп, олардың кәсіпкерлікпен айналысуына ықпал етеді. Біз бұл жұмыстарды әлі де жүйелей түсетін боламыз. Әсіресе, жас мамандарға көп көңіл бөлінеді», - деді басқарма басшысы.

Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов барлық аудандар мен қалаларда атаулы әлеуметтік көмек алушыларды анықтау барысында мұқият болуды тапсырды.

«Кейбір азаматтар атаулы әлеуметтік көмек алу үшін өтірік ажырасу, жұмыстан шығу, өз мүлкін басқаға жазу арқылы табысын азайтып көрсету, қолындағы малын сойып тастау сияқты алаяқтыққа барады. Бұған жол бермеу керек. Сондықтан барлық аудандар мен қалаларда атаулы көмек бөлуді қатаң бақылауға алып, кез келген алаяқтық пен жемқорлықты қатаң жазалау керек. Көмек атаулы түрде көрсетілуі тиіс. Бұл – Үкімет отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың барлық өңірлерге берген тікелей тапсырмасы. Әлеуметтік бағдарлама аз қамтылған отбасылардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған. Сондықтан атаулы әлеуметтік көмек халықты масылдыққа емес, еңбекке ынталандыруы тиіс», - деді облыс басшысы.

А.Мұхамбетов аудан және қала әкімдіктеріне мемлекеттік бағдарламалардың мүмкіндіктерін тиімді пайдалана отырып, еңбекке қабілетті атаулы әлеуметтік көмек алушыларды тұрақты жұмыспен қамту, олардың тұрмысын жақсарту бағытындағы шараларды жалғастыруды тапсырды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қасқырбай Қойшыманов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT