Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 369.36 EUR 431.30
RUB 5.45 CNY 53.80
Жаңалықтар

Архимед Мұхамбетов: Арқалықтың өнеркәсібіне «екінші дем» беру қажет

2018 жылғы 15 қыркүйек 15:20 585
Бөлісіңіз:
Архимед Мұхамбетов: Арқалықтың өнеркәсібіне «екінші дем» беру қажет

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов Арқалық қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы жиын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанның алтын-валюталық қорында алтынның үлесі артты Бақыт Сұлтанов қаржы министрі қызметіне келетін адамға кеңес берді

Индустриялық-аграрлық бағыт - Арқалық қаласы экономикасының басты көрсеткіші. Өнеркәсіп орындары қала өндірісі үлесінің 50%-дан астамын құрайды. Өткен 8 айда қала 5 млрд 726 млн теңгенің өнімін шығарды.

«Қаланың экономикасына 1 млрд 469 млн теңге инвестиция салынды. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда бұл көрсеткіш 1,5 есеге артық. Былтыр инвесторлар өндіріс орындарына 999 млн теңге қаржы құйды. Мемлекеттік бюджет кірістері 101%-ға орындалды. Қызметкерлердің орташа жалақысы 5%-ға көбейді», - деді Елдар Күзембаев өз баяндамасында.

Биыл тұрғындарды әлеуметтік қамсыздандыру аясында қала бюджетінен 45 миллион теңгеден астам сомаға атаулы әлеуметтік және тұрғын үй көмегі төленді. Жыл басынан бері тұрғын үй құрылысының 1 мың 724 шаршы метрі пайдалануға берілді. Жұмыспен қамту бойынша әлеуметтік қорғау шараларымен 1 мыңнан астам адам қамтылды. Ресми тiркелген жұмыссыздықтың деңгейі 1,8%-ға жетіп отыр.

2018-2022 жылдарға арналған қоныстандыру Картасына сәйкес, оңтүстік өңірлерден Арқалық қаласына тұрақты тұру үшін 12 отбасы көшіп келді. Барлық отбасы мүшелері жұмысқа орналастырылды. Көшіп келуге, тұрғын үйді жалға алу және коммуналдық қызметтері үшін шығындарын өтеуге 5 млн теңге субсидия бөлінді.

Өткен жылдармен салыстырғанда Арқалық қаласының ауыл шаруашылығы саласында айтарлықтай өсім байқалады. Қыркүйек айына дейінгі мәлімет бойынша Арқалықтың ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі - 4 млрд 971 млн теңге.

Архимед Мұхамбетов Арқалық қаласының индустриялық-аграрлық бағытына жақсы бағасын берді. Дегенмен, өңір басшысы жекелей көрсеткіштер бойынша басшылардың жұмысын сынға алды.

«Мен бүгін қаладағы ет комбинатының жұмысын көрдім. Енді Арқалыққа осындай тағы да 3-4 әлеуетті өндіріс орнын салу қажет. Сондықтан шағын және орта бизнесті дамыту маңызды. Тағы бір мәселе, санаулы жылдан соң қала құраушы өндіріс орны ТБРУ-дың жұмысы тоқтайды, ал ғимараты бос қалмас үшін облыстағы қарқыны нашар зауыттарды Арқалыққа көшіру керек. Бір сөзбен айтқанда, өнеркәсіп орнына «екінші дем» беру қажет. Сондықтан тынымсыз еңбек етіңіздер. Қажет болса, инвесторларды тартамыз. Мекеме басшылары, xалықпен етене байланыса жұмыс істесін. Біздегі басшылар жұмысқа отырысымен, шіреніп, xалыққа қарамай кетеді. Өздеріңізді көрсетіп абырой жинағанша, жұмыстың нәтижесімен мақтаныңыздар! Бұл медицина саласына да қатысты. Өңірде 37 дәрігер жетіспейді. Мұны бас дәрігер шеше алмаса, жұмысынан босатамыз»,-деді Архимед Мұхамбетов жиын барысында.

Облыс әкімі жұмыс сапары барысында Аманкелді, Жанкелдин, Науырзым аудандарының әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерімен танысады. Облыс әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиев оңтүстік аудандардағы шағын және орта бизнестің дамуы туралы баяндама жасайды.

Еске салсақ, бүгін Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов жұмыс сапарымен Арқалық қаласына барды.  

 


Бөлісіңіз:

Автор:

Қасқырбай Қойшыманов

Онлайн қызметкерлер
Редактор
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
Редактор
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
Редактор
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
Мұрағат