Археологтар Мысырдың оңтүстігінен тағы бір сфинксті тапты

None
None
КАИР. ҚазАқпарат - Археологтар Мысырдың оңтүстігіндегі Ком-Омбо ғибадатханасын жерасты суынан тазарту кезінде денесі жануар, басы адам тәріздес сфинкс мүсінін тапты. Бұл жөнінде жексенбі күні Көне мұра мәселелері жөніндегі министрлік мәлім етті, деп хабарлайды ТАСС агенттігі.

Ежелгі істер жөніндегі жоғарғы кеңестің бас хатшысы Мұстафа Вазиридің айтуынша, табылған жәдігер Птолемей дәуіріне (б.з.д. 331 жыл - б.з. 31 жыл) жатуы мүмкін. 

Мүсін ведомство таратқан коммюникеде көрсетілген. Көлемі аса үлкен емес. Тұғырдың негізі бойынша ені - 28 см. Сфинкстің басында Уаджит патшайым-әбжыланның бейнесі салынған патшалық бас киім - урей бар. Мүсіннің бейнесін перғауынның сақалы аяқтайды. Жер астынан табылған ескерткіш сол қалпы, тіпті көзінің, қасы мен қарашығының қара түсті бояуы да сақталып қалған.

Ком-Омбо ғибадатханасындағы жөндеу жұмыстары бір жылдан бері жүргізіліп келеді. Осы уақыт аралығында ол жерден бірнеше археологиялық жәдігер табылған.

Ежелгі Мысырда Ком-Омбо елдің бесінші номының (провинциясының) астанасы болған. Ол туралы бастапқы деректер Алғашқы өтпелі кезеңде анықталды (б.з.д. XX ғасыр).

Птолемей дәуірінде (б.з.д. IV ғасырдан бастап) Ком-Омбода тастан екі ғибадатхана тұрғызылды. Орданың бір жақ қанаты қолтырауын бейнесіндегі Себек құдайға, екінші жағы - сұңқарға ұқсаған Гору құдайға арналған. Ғибадатхананы декорациялау жұмысы б.з. II-III ғ.ғ. аяқталды.

Фото: Egyptian Ministry of Antiquities via AP

Соңғы жаңалықтар