Археологтар Моңғолиядағы Тоныкөк ескерткішінің маңайынан 1300 жыл бұрынғы саусақ іздерін тапты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Түрік археологтары Моңғолиядан 1300 жыл бұрынғы саусақ іздерін тапты. Археологиялық қазба Тоныкөк ескерткішінің маңайынан табылған, деп жазады kaztrk.kz.

Бұл туралы археологиялық зерттеу жұмыстарының жетекшісі түркиялық профессор Ахмет Ташагыл TIKA-ның баяндамасында мәлімдеді.

«Біз бірқатар археологиялық жаңалықтарды аштық. Алайда, олардың ең елеулісі - 1300 жыл бұрын бедерленген саусақ іздерін тапқанымыз. Бұл - өте қызықты тарихи жаңалық», - дейді профессор Ахмет Ташагыл.

Тоныкөк ескерткіші - Түркі әлемінің тарихындағы ең ежелгі мұраның бірі. Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған археологиялық жұмыстарды іске асыруға жәрдемдесу мақсатында аймаққа 11 шақырым тасжол салдырған.

Сондай-ақ, Тоныкөк ескерткішінің маңайына музей салу жоспарлануда.

Соңғы жаңалықтар