+7 (701) 759 90 19
USD 428.05 EUR 501.2
RUB 5.47 CNY 63.87
Jańalyqtar

Археологтар Алматы облысындағы қазба жұмысы кезінде сенсациялық мәлімдеме жасады

2020 жылғы 1 шілде 07:21
Бөлісіңіз:
Археологтар Алматы облысындағы қазба жұмысы кезінде сенсациялық мәлімдеме жасады

АҚСУ. ҚазАқпарат - Отандық археологтар Алматы облысының Ақсу ауданындағы қазба жұмыстары кезінде сенсациялық мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Хабар 24.

Ұқсас жаңалықтар

Бұл өңірдегі қорымдардан Пазырық мәдениетіне қатысы бар жәдігерлер шыққан. Таулы Алтайдағы тайпалар Ресей, Моңғолия, Шығыс Қазақстан аумағында ғана емес, Жетісу жерін де мекендеген.

Археологтар бұл жерден алдымен әйел мен ер адамның мүрдесін тапты. Көне заманда қолданылған әшекейлер мен тұрмыстық бұйымдар да шығып жатыр.

«Бұл – еліміздегі Пазырық мәдениетіне қатысты ең үлкен қорымдардың бірі. 85 оба бар екені анықталып отыр. Шығыс Қазақстандағы Берел қорымының өзінде мұншама қорған жоқ», дейді ғалымдар.

Археологиялық қазба жұмыстары барысында олардың ғасырлар бойы еш тоналмағаны белгілі болды. Себебі қорғандар алыстан менмұндалап көрінбейді. Бір айта кетерлігі, бұл қорым Талдықорған – Өскемен тас жолын жөндеу барысында табылған. Зерттей келе, бұл аумақта көне замандарда Пазырық мәдениеті өкілдерінің тұрғаны анықталды. Олар кейіннен батысқа қоныс аударған.

«Бұған тек археологтар қызығушылық білдіріп отырған жоқ. Түсінген адамға бұл әлемдік деңгейдегі сенсациялық жаңалық. Өйткені Таулы Алтай мен Батыс Моңғолиядағы тайпалардың қалай, қай бағытпен қоныс аударғаны кімді де болсын қызықтырмай қоймайды. Нақтырақ айтсақ, қағаз жүзіндегі болжамдар археологиялық жәдігерлер арқылы дәлелденіп отыр» дейді археолог Сергей Ярыгин.

Археологтар қорғандарға жақын маңнан петроглифтерді де тапты. Ғалымдар оларды бұрын соңды еш жерден кездестірмегенін айтып отыр.

«Бұл таңба пішіндес белгілердің осы қорымға жерленген адамдарға тікелей қатысы бар екеніне еш күмән жоқ. Олар бір тайпаның немесе жекелеген отбасының таңбасы болуы да ғажап емес» деп атап өтті археолог.

Археологтар әзірге екі қорғанды ғана ашып көрді. Бұл мақсатқа жергілікті бюджеттен 15 миллион теңге бөлінген. Қазба жұмыстары алдағы жылы да жалғасады. Болашақта бұл жер ашық аспан астындағы мұражайға айналуы мүмкін.

«Археологиялық кешен жасасақ па деген ой да бар. Автотұрақтарын жасап, отыратын орындықтарын, кейіннен ол жерде демалушылар Алакөл жақтан келе жатса да, Балқаш жақтан келе жатса да тоқтап, осы жерден Пазырық мәдениетімен танысып көруге болады» дейді облыстық тарихи-мәдени мұраларды қорғау орталығының директоры Ғалымжан Оспанов.

Пазырық мәдениетіне қатысы бар тайпалар бұл жерде біздің дәуірімізге дейінгі IV-III ғасырларда өмір сүрген. Оларды сақтардың мұрагері, түріктердің ізашары деп те атайды. «Ал ол тайпалардың шығыстан батысқа қоныс аударғандағы бағыты Ұлы Жібек жолының бір тармағына айналды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT