Археологиялық ескерткіштердің жойылып кету қаупі жоғары - Жансейіт Түймебаев

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Еліміздегі археологиялық ескерткіштердің жойылып кету қаупі жоғары.

Сондай-ақ қолданыстағы заңда тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау аймақтарын анықтап, белгілеудің нақты жолдары көрсетілмеген. Бұл туралы бүгін Түркістанда өтіп жатқан «Тарихи-мәдени мұраны қорғауға арналған көшпелі отырысты облыс әкімі Жансейіт Түймебаев сөз етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.null

Аймақ басшысының сөзінше, тарихи-мәдени мұраларды сақтауда кейбір мәселелер әлі күнге өзектілігін жоғалтпай келеді.

«Мәселен, өңірдегі ескерткіштердің қорғау аймақтарын белгілеу кезінде кәсіби мамандардың қатыстырылмауы салдарынан бірқатар олқылықтар орын алған. Археология ескерткіштері негізінен далалы, таулы жерлерде орналасқандықтан олардың сақталуын үнемі бақылауда ұстау мүмкін емес. Ал, жаңа заң жобасына сәйкес ескерткіш орналасқан жердің меншік иесін ескерткіштің сақталуына жауапты ету олардың сақталуына оң әсерін береді деген ойдамыз. Бүгін таныстырылған жаңа заң тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғап, ұрпаққа насихаттауда үлкен серпін береді деп сенемін. Қаралып жатқан жаңа заң жобасы сондай-ақ саладағы олқылықтардың орнын толтырып, мәдени мұрамызды сақтап қалуда шешуші рөл атқаратынына сенім мол. Бүгінгі көшпелі отырыс осы ескерткіштерімізді сақтау мен насихаттау ісіне оң серпін береді деген ойдамын»,- деді Түркістан облысының әкімі.

Айта кетейік, бүгінгі таңда Түркістан облысында тарих және мәдениет үшін айрықша маңызы зор 1249 археология және сәулет ескерткіштері бар. Сонымен қатар, жергілікті маңызы бар 426 ескерткішке қорғау тақтайшалары орнатылып, жергілікті әкімдіктер тарапынан жыл сайын көгалдандыру, абаттандыру жұмыстары жүргізіліп келеді.

Өңірде «Қазақстанның киелі жерлері» арнайы жобасына орай, қасиетті жерлердің тізімін қалыптастыруға ұсыныстар әзірлейтін тарихшылар, ғалымдар, археологтардан тұратын арнайы өңірлік жұмыс тобы құрылды. Сөйтіп киелі нысандардың тізімі іріктеліп, өңірлік картаның жобасы дайындалды. Облыс тарапынан «Қасиетті Қазақстан» республикалық орталығына 104 нысан ұсынылып, оның ішінен 24 нысан республикалық тізімге енгізілді.

Осыған дейін Түркістанда тарихи мұраларды қорғау жөнінде көшпелі отырыс өткендігін жазғанбыз.

null

Соңғы жаңалықтар