Аргентиналық оқушы Ресейде 2016 жылы өтетін Олимпиадада бақ сынағысы келетінін айтты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Аргентиналық оқушы Джианни Вейнанд Ресейде 2016 жылы өтетін Олимпиадада бақ сынағысы келетінін айтты.

Ол Алматыда өткен сайыста мүмкін 600 баллдың ішінен 53 балл жинаған. Оқушы өз нәтижесіне қатты қапалы екендігін жеткізді.

«Мен осы жетістігіме өте реніштімін. Болашақта Ресейде өтетін Олимпиадаға қатысып, медаль алуды жоспарлап отырмын. Қарсыластарымның деңгейі өте жоғары. Бұл мені үлкен жеңістерге ұмтылдырады. Келер жылды дайындыққа арнаймын», - деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, Алматыда (IOI-2015) Информатика пәнінен халықаралық олимпиада өз жұмысын аяқтады. Қос кезеңнен тұратын сайыста Оңтүстік Кореядан, Ресейден, Қытайдан келген спортшылар көш бастап келеді.

Соңғы жаңалықтар